Қазақстанда жүк тасымалына арналған ақылы жолдар енгізілуде

Жолдардағы ақылы жүйе мен тарифтер туралы ақпарат

👁️ 20
Сурет: kolesa.kz

Көлік министрлігі еліміздің жолдарын ақылы режимге көшіру жөнінде жаңа бұйрық жобаларын дайындады. Жобаларға сәйкес, жүргізушілер белгілі жол учаскелерінде жүріп өткендері үшін ақы төлеуге міндетті.

  • Ақтау — Бейнеу (454 км)

    Жеңіл көлік үшін:

    • Қолма-қол төлем – 0.0379 АЕК
    • Алдын ала төлем – 0.0325 АЕК

    Жүк көліктері мен автобустар:

    • 0.7205-3.6295 АЕК (төлем түрі мен жүк көтергіштігіне байланысты).
  • Балқаш — Бурылбайтал (91 км)

    Жеңіл көлік үшін:

    • Қолма-қол төлем – 0.0763 АЕК
    • Алдын ала төлем – 0.0661 АЕК

    Жүк көліктері мен автобустар үшін:

    • 0.1653-0.8138 АЕК.
  • Қостанай — Денисовка (151 км)

    Жеңіл көлік үшін:

    • Кейінгі төлем – 0.0331 АЕК
    • Алдын ала төлем – 0.0280 АЕК

    Жүк көліктері мен автобустар үшін:

    • 0.2238-1.3327 АЕК.
  • Қандыағаш — Мақат (380.525 км)

    Жүк көліктері мен автобустар үшін: 0.5646-3.3622 АЕК.

  • Таразды айналып өтетін жол (57 км)

    Жүк көліктері мен автобустар үшін: 0.0839-0.5036 АЕК.

  • Үшарал — Достық станциясы (180 км)

    Жүк көліктері мен автобустар үшін: 0.2670-1.5895 АЕК.

  • Шу — Бурылбайтал (175.8 км)

    Жүк көліктері мен автобустар үшін: 0.2624-1.5527 АЕК.

Министрлік сонымен қатар жол ақысына қатысты жылдық және айлық абонементтер енгізуді жоспарлап отыр. Жеңіл көліктер үшін кейбір жолда жылдық абонемент бағасы – 1 АЕК, ал жүк көліктері мен автобустар үшін абонементтің бағасы 1-100 АЕК.

2023 жылғы АЕК мөлшері – 3932 теңге.

Қызылорда — Арал трассасы 26 қаңтардан бастап ақылы режимге өтті.