2023 жылы скутерді тіркеу жүйесінің жаңалықтары
Скутерді тіркеу ережелері мен қажетті құжаттар
2023 жылы басталған шара мәресіне жетті. 20 қаңтарда скутер мемлекеттік нөмір алды. Алматы Әкімшілік полиция басқармасының процессинг орталығының бастығы Айдын Меркімбаевтың айтуынша, бұл 11 қаңтарда күшіне енген ІІМ-нің пилоттық жобасы аясында жүзеге асты.
[media=https://www.youtube.com/watch?v=BYtFqjMnpes]
Скутерді тіркеу үшін қажетті құжаттар
Шағын көлемді мототехниканы тіркеу үшін иесі мынандай құжаттарды ұсынуы керек:
- Жеке куәлік немесе оның цифрлық нұсқасы
- Техникалық құжат (бар болса)
- Мопедтің сипаттамасы туралы мәлімет (ашық дереккөзден алынған)
Тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға барып, өтініш толтырып, көлік құралын тексеруден өткізіп, мемлекеттік баж төлеу қажет.
Тіркеу ережесіндегі өзгерістер
Тіркеу ережесіне және «Жол жүрісі туралы» заң мен Әкімшілік кодекске енген түзетулер 5 сәуірден бастап ресми түрде күшіне енеді. Осы күннен бастап моторының көлемі 50 текше см-ге дейінгі мопед ресми түрде механикалық көлік құралымен теңеседі.
Демек, мопедті басқару үшін А1, А немесе В категориясындағы куәлік керек, әрі мемлекеттік нөмір, сақтандыру, техникалық тексеруден өткені туралы құжаттар талап етіледі.