Kia PV5 электр вэні таныстырылды

Kia компаниясының жаңа электр моделі

👁️ 11
Сурет: kolesa.kz

Kia PV5-тің сериялы нұсқасының алғашқы суреті 20 ақпанда көрсетілген болатын, енді модельдің салоны, техникалық сипаттамасы және нарыққа шығатын уақыты жұрт назарына ұсынылды.

Kia PV5 — E-GMP.S платформасына негізделген коммерциялық модельдер топтамасының алғашқы өкілі. Автомобильдің жолаушыларға арналған нұсқасы және жүк таситын бірнеше түрленімі болады.

Электрический вэн Kia PV5 представлен официально

Техникалық сипаттамалары

PV5-тің ұзындығы — 4695 мм, дөңгелек базасы — 2995 мм, ені мен биіктігі — 1895 мм және 1899 мм. Жүк бөлігі ең үлкен болғанда — 5.1 текше метр.

Алдыңғы осьтегі 163 ат күшіне ие (250 Нм) бір электромотормен жүреді. Батарея қуаты 51.5 немесе 71.2 кВт·сағ. Жүк таситын түрленім үшін тағы бір 43.3 киловаттық аккумулятор бар. Жолаушыларға арналған вэннің жүріс қоры — 400 км. Станцияда 10-нан 80 %-ға дейін қуаттауға 30 минут уақыт қажет.

Интерьері

PV5-тің жүргізуші орнында 7 дюймдік цифрлы аспаптар панелі мен 12.9 дюймдік медиажүйе экраны орнатылған. Модульдік AddGear аксессуары интерьерді өзгертуге мүмкіндік береді. Мысалы, автомобильдің алдыңғы жолаушы креслосын алып тастау, панельдің бір бөлігін қосымша зат сақтау орнына айналдыру немесе бір қатар орындықтан бас тарту мүмкіндігі бар.

Нарыққа шығу мерзімі

PV5 2025 жылдың екінші жартысында Корея нарығына шығады, ал экспортқа арналған модель 2026 жылы сатылымға түседі.