Алматыдан Уханьға арнайы пойыз жеткізілді
Ухань қаласына ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді.

Қытайдың Ухань қаласына Алматыдан 1610 тонна жемдік бидай ұны жүктелген бірінші арнайы пойыз келді. - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
«Чанцзян жибао» газетінің ақпаратынша, арнайы пойыз Орталық Азиядан Хубэй провинциясына ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуде алғаш рет жіберілген. Соңғы жылдары Хубэй провинциясының жемдік шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында Қытай-Еуропа/Орталық Азия бағытында теміржол арқылы тұрақты тасымал процестері ашылды.
- Урал қаласы,
- Кокшетау қаласы
Осы айдың соңына дейін Қазақстаннан Уханьға тағы екі жүк пойызы ауыл шаруашылығы өнімдерімен жіберілетіні күтілуде. Орталық Азиядан Хубэй провинциясына мұндай өнімдердің импорты жылына 500 мың тоннадан астамды құрайды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Хубэйден Орталық Азияға текстиль, электроника, автомобильдер және басқа да тауарлар тасымалдануда. Ухань қаласында Түркістан облысынан жүк контейнерлері үшін қойма құрылды.