Қытайдан Ауғанстанға алғашқы теміржол маршруты ашылды

Қытайдың Чунцин қаласынан Ауғанстанның Хайратон қаласына теміржол бағыты іске қосылды.

👁️ 28
Сурет: eldala.kz

Чунцин қаласынан Ауғанстанның Хайратон қаласына тікелей теміржол маршруты ашылды. Контейнерлік поезд мемлекеттік шекараны Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы Хоргос бақылау-өткізу пунктінен өтеді де, Қазақстан мен Өзбекстан территориясын бойлай барып, мақсатты жеріне жетеді. - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

Бұл жол 12-15 күнге созылады деп күтілуде.

«Тікелей теміржол жүк тасымалдау схемасын қолдану арқылы көлік уақытын 3-5 күнге қысқартуға мүмкіндік болады. Ал логистика шығындары 15-20%-ға азаяды деп прогноздалып отыр. Бұл жүк тасымалдануының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырады», - деді жүк жөнелтуші ZTE компаниясының қызметкері Лю Цзяньфэн.

Бүгінгі күнге дейін Чунчинан кері қарай 18 мыңнан астам жүк пойызы халықаралық теміржол жүк тасымалдары бойынша Қытай - Еуропа (Қытай - Орталық Азия) маршруттарымен жүріп өтті.

Тікелей жүк маршрутының сәтті ашылуы тек Ауғанстанмен ғана емес, Орталық Азия елдерімен де сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтады.