BYD концерні арзан электрокар өндіруде

Қытайда жаңа электромобиль нарығының танымалдылығы артуда

👁️ 7
Сурет: kolesa.kz

BYD концерні арзан электрокар жасап, өз отанында сатылымға шығарды. Ценасы 103800 юань мен 115800 юань (шамамен 7.35-8.2 млн теңге) аралығында, алайда бренд маусымның аяғына дейін 5000 юань (шамамен 350000 теңге) жеңілдік ұсынады.

Электрокардың габариті 4780×1900×1515 мм, дөңгелек базасы 2820 мм. Көлік ықшам көрінгенімен, өзінің сыйымдылығымен ерекшеленеді. Салондағы жүксалғышының көлемі 528 литр. Жаңа модель BYD маркасының стандарт өнімдеріне ұқсас, бірақ дәстүрлі айна мен есік тұтқасы секілді қарапайым бөлшектерімен ерекшеленеді.

Техникалық сипаттамалары

Седан 136 ат күші мен 180 Нм момент беретін бір ғана мотормен жабдықталған. Дегенмен, клиенттерге екі түрдегі аккумулятор ұсынылады:

  • 48 кВт·сағ литий-темір-фосфат Blade батареясы (жүріс қоры - 450 шақырым)
  • 57.6 кВт·сағ литий-темір-фосфат Blade батареясы (жүріс қоры - 520 шақырым)

Машинаны 26-28 минутта 30-дан 80%-ға дейін қуаттауға болады.

Недорогой электроседан BYD e7 вышел на рынок Китая

Салон мен жабдықтары

Модельдің ішкі дизайнында 5 дюймдік шағын аспаптар панелі мен 15.6 дюймдік ірі дисплей орналастырылған. Жабдықтар тізіміне:

  • Кондиционер
  • Батареяға арналған жылу сорғысы
  • Панорамалы шатыр

Инженерлер сымсыз қуаттағыш орнына гаджеттерді орналастыру үшін арнайы орын жасаған.

BYD e7-ні жастар мен такси, каршеринг сияқты сервіске арналған клиенттер алады деп күтілуде.