BMW жаңа Speedtop концептісін таныстырды
Италияда жаңа үш есікті универсал Speedtop ұсынылды

BMW концерні жыл сайын Италиядағы Комо көлінің маңында өтетін дизайн көрмесінде жаңа концептісін таныстыру дәстүрін жалғастыруда. Биылғы жылдағы үлгі – Speedtop, ол үш есікті универсал түрінде жасалып, былтырғы Skytop-тан бастау алады. Осының негізінде компания модельдің болашағына қатысты шешімін бірден жария етті.
Марка Speedtop-ты Бавария универсалдарының дизайнерлік квинтэссенциясы деп атады. 2024 жылғы жобамен туыстық байланысы барын таныс жарық техникасы, радиатор торы, капоты мен артқы аркасынан байқауға болады.
Speedtop үшін арнайы шатыр әзірлегенде мамандар дәл капоттағыдай таңба қолданған. Қатты үсті артқы бүйірлік әйнектерді жасауға мүмкіндік берді, бірақ олар жолаушыға арналмаған, өйткені концептіде артқы диван жоқ. Оның орнына сөмке қоятын жер бөліпті. Үш есікті көлікте екі қабаттан тұратын толыққанды жүксалғыш та бар. Одан бөлек, машина 14 шабақты дөңгелек дискісімен ерекшеленеді.
Автомобильдің салоны BMW ассортиментіндегі ең қымбат материалдармен қапталған. Архитектурасында өзгеріс жоқ, ішін 8-сериялы BMW-дан көшіріп алыпты.
Ресми хабарлама мәтініне сүйенсек, қозғалтқышын да дәл сол модельден алған. BMW универсалдың күштік құрылымы туралы нақты мәлімет бермеді, тек ең қуатты V8 моторын орнатамыз деп мәлімдеді.
Болжам бойынша көлік M8 Competition-ның 625 ат күшінің 750 Нм момент беретін 4.4 литрлік агрегатымен жүруі мүмкін.
Концерн тауар түріндегі 70 Speedtop өндіреді, тапсырыс қабылдап жатыр. Көліктің бағасы белгісіз, дегенмен 500 мың еуродан асатын сияқты.