Denza N8L кроссовері: жаңа премиум моделдің таныстырылымы
Дензаның жаңа моделінің ерекшеліктері мен бағасы

BYD құрамына кіретін премиум Denza бренді жаңа N8L моделін таныстырды. Тек бір эле ресми сурет жариялағанымен, Қытай өнеркәсіп министрлігінің сертификат дерегінде қосымша фото мен техникалық сипаттамасы да пайда болды. Бұл кроссовер N9-дың арзан нұсқасы болуы мүмкін.

Техникалық сипаттамалары мен дизайны
N8L өлшемдері 5200 × 1999 × 1820 мм, дөңгелек базасы 3075 мм. Ол N9-дан аз ғана кіші. Сырт келбеті ұқсас стильде болса да, өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Жарық техникасының пішіні N9-бен бірдей, бірақ N8L бірегей бампер мен динамикалық пішінге ие.
Сертификат мәліметінде стандарт нұсқамен бірге шатырында дронға арналған бокс бар Denza N8L-дің суреттері жарияланды. Аталған бокс көліктің биіктігін 1990 мм етіп көтереді. Суреттерден BYD-ның өзге модельдеріне орнататын құрылғыға ұқсас екенін байқауға болады.
Күштік құрылымы мен қуаты
Автомобильдің күштік құрылымы төрт мотордан құралып, 207 ат күшіне ие 2 литрлік турбомоторға негізделген. Алдыңғы осьте екі электрлі қозғалтқыш (272 а.к.) орнатылған, артқы дөңгелектердің әрқайсысын 245 ат күшін беретін агрегат айналдырады. N8L-дің қуаты N9-дан төмен болғанымен, бұл модель алғашқы жүздікті шамамен 3 секундта еңсереді, ал батарея қуатынсыз 100 шақырымға шамамен 7 литр отын тұтынады.
Кроссовер 47 кВт·сағ аккумулятормен 160–170 км жол жүре алады (комплектациясына байланысты), жалпы жүріс қоры 1000 шақырымнан асады.
Интерьер мен жабдықталуы
Интерьер суреттері әлі жарияланған жоқ, бірақ Қытайдағы басылымдар N8L-дің алты орынды болып, екінші қатарына жайлы орындықтар орнатылады деген ақпарат таратты. Машинада 15.6 және 12.3 дюймдік экрандары бар медиажүйе, артқы жолаушыларға арналған дисплейлер, жиналмалы үстел, тоңазытқыш және басқа премиум опциялар ұсынылады. God’s Eye деп аталатын фирмалық жүргізуші ассистенттерінің кешенімен жабдықталады.
Болжамды баға мен нарыққа шығу мерзімі
Алдын ала мәлімет бойынша, Denza N8L 2025 жылдың соңында саудаға шығатын болады. Бастапқы бағасы шамамен 350-400 мың юань (25-28.5 млн теңге) деңгейінде болады.