2025 жылдағы маусымдағы автожарыстарның қызықты күнтізбесі

Автоспорттағы маусымның негізгі оқиғалары

👁️ 12
Сурет: Татьяна Дружинина

2025 жылғы маусымда автожарыстар өте аз, бірақ бірнеше ерекше іс-шаралар мен бәсекелер жоспарланған. Атап айтқанда, Asia Auto Gymkhana Championship, Sokol Time Attack, Gorilla Drift Street Legal, картинг және трофи-рейд кезеңдері өтеді.

  • Asia Auto Gymkhana Championship, 1 маусым.
  • Sokol Time Attack, үшінші кезең, 8 маусым.
  • Gorilla Drift Street Legal, үшінші кезең, 14–15 маусым.
  • Халықаралық кластағы картингтен Қазақстан чемпионаты, үшінші кезең, 20–22 маусым.
  • Трофи-рейдтен Қазақстан чемпионаты, үшінші кезең, «Ураган Трофи», 27–29 маусым.

Asia Auto Gymkhana Championship, 1 маусым

Маусымдағы автоспорт жарыстары Sokol кешенінде Балаларды қорғау күніне арналған ауқымды іс-шарамен басталады. Жексенбі, 1 маусымда кешенде дрифт жаттығуы (дрифт-таксиге міну мүмкіндігі бар), автомобилистерге арналған трек күні және стант-райдер шоуы өтеді. Жалға картинг алуға болады, бағдарлама аясында джимханадан Азия кубогы кезеңі жоспарланған.

Қырғызстан автомобиль федерациясының қолдауымен FIA туы астында өтетін жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан спортшылары мен Үндістан, Сингапур, Гонконг және Бангладештен келген қонақтар қатысады.

Жарыс өтетін Sokol-ға кіру құны — 5000 теңге. 16 жасқа дейінгі балалар тегін кіреді.

Asia Auto Gymkhana Championship бәйгесін Sokol International Circuit YouTube-арнасынан онлайн тамашалауға болады.

Афишада «кобальттың» тұрғаны бекер емес. Ұйымдастырушылар жарысқа бюджеттік седан шынымен қатысатынын айтты. Иә, машина алдыңғы жетекті! Бірақ джимхана әдемі жүріс стилін көрсететін заманауи бәсеке, дрифт емес. Демек оған толық жетекпен қатар, алдыңғы жетекті машиналар да қатыса алады.

Sokol Time Attack, үшінші кезең, 8 маусым

Маусымның екінші жексенбісінде Sokol кешенінің негізгі трассасында Сокол Time Attack-тың үшінші кезеңі өтеді. Шабандоздар жылдам айналым жасап жарысады. Бәсеке SC2000 санатынан (түрленген Honda Civic, Mazda MX-5 және Subaru BRZ) жылдам GT PRO санатына (Porsche 911-дің GT3, GT3 RS, Turbo нұсқалары және тайм-аттакқа арналған болидтер) дейінгі бірнеше класқа бөлінген.

Маусымда өтетін жарыстар күнтізбесі

Sokol Time Attack бәйгесінің нақты кестесі жарыс өтетін күн жақындағанда жарияланады. Қазір қолда бар ақпарат бойынша, жарыс 8 маусым таңғы сағат 9:30-да басталады.

Кіру ақылы болады. Екінші кезеңде трибуна мен пит-лейн аумағына кіру 10 000 теңге болған.

Gorilla Drift Street Legal, үшінші кезең, 14–15 маусым

Маусымның ортасында Алматы маңындағы Sokol кешенінде Gorilla Drift Street Legal кіші сериясының үшінші кезеңі өтеді. Бұл серия дрифт әлеміне жаңа аяқ басқандарға арналған, мұнда қатысушылар жұп болып қарапайым трассада бақ сынайды. Жарыс барысында дайындық деңгейі төмен автомобиль мен конфигурациясы қарапайым трассалар қолданылады.

Сенбі, 14 маусымда жаттығу сессиясы мен іріктеу кезеңі өтеді. Ал жексенбі, 15 маусымда көрермендерді жұптық дрифт күтіп тұр. Бәйге 14:00-де басталады.

Маусымда өтетін жарыстар күнтізбесі

Толық кесте мен билет бағасы кейінірек жарияланады. Екінші кезеңде алаңға кіру 2.5–4 мың теңге, ал техпаркке кіру 6 мың теңге болды.

Халықаралық кластағы картингтен Қазақстан чемпионаты, үшінші кезең, 20–22 маусым

Маусымда Sokol-да Халықаралық кластағы картингтен Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңі өтеді. Қатысушылар 13 жастан аспаған спортшылардың Mini санатынан бастап, ең жылдам KZ-2 сияқты бірнеше класқа бөлініп сайысқа түседі. Мұндағы болидтер 2 тактілі қозғалтқышпен (125 текше см) жабдықталған, олардың қуаты шамамен 52 ат күшіне жетеді және беріліс қорабы болады.

Маусымда өтетін жарыстар күнтізбесі

Жарыс ережесіне сай үшінші кезең 20–22 маусым аралығында өтеді. Сенбі, 21 маусымда шабандоздар жаттығу мен іріктеуден өтеді, ал негізгі бәсеке жексенбі, 22 маусымға жоспарланған. Картингтер трекке сағат 8:30-да шығады, бәйге 10:30-да басталып, 13:30-да аяқталады.

Трофи-рейдтен Қазақстан чемпионаты, үшінші кезең, «Ураган Трофи», 27–29 маусым

27–29 маусымда Қостанай облысының Жаңасу кентінде трофи-рейдтен Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңі өтеді. Жарыс дәстүр бойынша үш арнайы кезеңнен тұрады, оның екеуі бағдарлау бәсекесі, ал соңғысы айналма жарыс.

Іс-шараға қатысты толық ақпарат жарыс өтетін күн жақындағанда белгілі болады.

Маусымда өтетін жарыстар күнтізбесі