Жаңа Lynk&Co Z10: Гибрид моделі мен сынақ нәтижелері
Lynk&Co Z10 седанының жаңа гибрид нұсқасы туралы

Компания жаңа седанның Қытайдың солтүстігіндегі қысқы сынақтары аяқталуына орай бейнеролик жариялады. Видеода 10 EM-P индексі бар гибрид көрсетілген. CarNewsChina хабарлағандай, бұл модель былтыр жарық көріп, саудасы жүрмей қалған Z10-ның бензоэлектрлі нұсқасы болады.
[media=https://www.youtube.com/watch?v=l45Jr8eGQRo]
Гибрид сырттай еш өзгермейді және бұрынғы өлшемдері қалады деген болжам бар. Lynk&Co Z10-ның өлшемдері — 5028 × 1966 × 1468 мм, дөңгелек базасы — 3005 мм.
Алдын ала мәлімет бойынша, Lynk&Co 10 EM-P 1.5 литрлік іштен жанатын қозғалтқыштан қуат алатын екі электромотормен жүреді. Ірі гибрид күштік құрылымды Geely Galaxy M9 кроссоверінен алуы мүмкін. Бұл модель алғашқы жүздікті 4.5 секундта еңсере алады екен. Жаңа өнім пневматикалық аспамен және Nvidia Thor-U чипіне негізделген жартылай автономды басқару жүйесімен жабдықталады.
Компания Z10 седанын Қытайда былтыр қыркүйекте сата бастады. Бастапқы бағасы 186 800 юань (13.2 млн теңге) болған. Биыл сәуірдің аяғына дейін небәрі 8.4 мың көлік өткен.