Қытай автонарығында баға соғысы мен нарықтық өзгерістер

Қытайдағы автомобиль бағаларының төмендеуі және нарықтық үрдістер

👁️ 7
Сурет: kolesa.kz

Autohome Research Institute мәліметтері бойынша, Қытайда автомобильдің орташа бөлшек бағасы соңғы екі жылда 19% төмендеп, 165,000 юаньға (22,900 АҚШ доллары) жеткен. Экспортта да солай, Германияда Қытай көліктерінің орташа құны 2023 жылы 30 мың доллардан 2025 жылға қарай 21,000 долларға төмендейтін болады, деп жазады CNBC.

Автоконцерндер өз нарықтық үлесін ұлғайту немесе сақтау үшін шығындарға қарамай жұмыс істеп жатыр. Әсіресе, жаңа электрокар өндірушілер үшін жағдай қиындап кеткен. Мысалы:

  • Xpeng 2025 жылдың I тоқсанында 90 млн доллар шығынға ұшырады;
  • Nio 950 млн доллар көлемінде шығынға батты.

Қытайда жаңадан сатып алынған автомобильдерді ескі машина ретінде сату тенденциясы пайда болуда. Дилерлер жүрмеген көліктерді ескі машина ретінде үлестес трейдерлерге немесе электронды сауда алаңдарына өткізіп, сауда статистикасын өзгертеді. Осылайша, олар нарықтағы шынайы жағдайды өзгертуге тырысады. GWM бас директоры Вэй Цзяньцзюнь, бұл автомобильдер елдегі сайттарда 4 мыңнан астам аккаунт арқылы сатылып жатыр екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшылары бұл мәселеге алаңдап, экономикадағы инволюция немесе «нэйцзюань» деп аталатын күтпеген күрделі үрдісті тоқтатуға шақыруда.

«Баға соғысында жеңімпаз болмайды, болашағы да жоқ», — деп жазды Қытай коммунистік партиясының ресми газеті «Жэньминь жибао».

Жапонияның Nomura қаржылық холдингі Қытай автонарығында ұсыныс сұраныстан артық екенін ескеріп, алдағы уақытта жағдайдың күрделене түсетінін болжайды. Xpeng басшысы Хэ Сяопэн де дәл осындай пікірде, ол баға соғысының шарықтау шегіне әлі жетпегенін айтты, әрі бәсекелестіктің алдағы бес жылда күшейе түсетініне сенім білдіреді.