Жаңа ұшатын трицикл Skyrider X6 таныстырылды

Skyrider X6 - заманауи трицикл, аспанға самғау мүмкіндігі бар

👁️ 7
Сурет: kolesa.kz

Kuickwheel технологиялық фирмасы Skyrider X6 деп аталатын жаңа көлік құралын таныстырды. Ол – алдында екі, артында бір дөңгелегі, төбесінде алты пилоны бар трицикл. Модель ұзақ уақыт болмаса да, әуеге көтеріліп, ұша алады. Ерекше жаңа өнімнің бағасы 498 800 юаньнан (35.5 млн теңге) басталады.

Техникалық сипаттамалары

Артқы жетекті трициклдің жердегі жылдамдығы 70 км/сағ-қа жетеді, жүріс қоры – 200 км. Skyrider X6 жиырма минуттан артық ұшпайды, аспандағы ең жоғары жылдамдығы – 72 км/сағ. Ерекше көлік 10.5 киловатт батареямен жабдықталған.

В Китае выпустили трицикл, умеющий летать

Құрылым және қауіпсіздік

Skyrider X6-ның бағасына технологиясы ғана емес, материалдары да әсер етіп отыр. Мамандар салмағын азайту үшін трициклді көміртекті пластик, композит және авиацияға арналған алюминийден жасаған.

В Китае выпустили трицикл, умеющий летать

Автоматты және қолмен басқару

Skyrider X6 өздігінен ұша алады: автоматты ұшып-қону және белгіленген маршрут бойынша жүру функциясы бар. Ұшу процесін қолмен басқаруға да болады. Әзірлеушілер техниканың қауіпсіз екенін айтты. Мысалы, қозғалтқыштардың бірі істен шықса, екіншісінің жұмысына әсер етпейді. Маңызды жүйелердің қосымша нұсқасы да бар, ал оқыс жағдай болса, парашют ашылады.

Пайдалану шығындары

Трицикл-гексакоптердің тағы бір артықшылығы – пайдалану шығыны өте аз. Бірақ мұндай көлікті жүргізу қиын, өйткені Қытай заңы азаматтардың өз бетінше ұшуына қатаң қарайды, сонымен қатар жеңіл авиация ұшқышының куәлігін алу міндетті.