Inkas Lexus GX 550: Технология және қауіпсіздік үйлесімі
Люкс SUV-дің қауіпсіздігі жаңа деңгейде
Канадалық Inkas фирмасы жаңа жобасын таныстырды. Компания люкс машиналардың қорғалған нұсқасын жасауға маманданған, бұл жолғы жоба Lexus GX 550-ге негізделеді. Жол талғамайтын көлік ішіндегі адамдарды 7.62 калибрлі қарудан және бір уақытта жарылған екі гранатадан қорғай алады, бірақ ол сыртынан байқалмайды.
Inkas бронды пластинаны Lexus GX-тің шанақ панеліне біріктірген, стандарт әйнекті баллистикалық түріне ауыстырып, төзімді шинамен қапталған 20 дюймдік дөңгелек дискісін орнатады. Жүксалғышта мықты қалқа пайда болады. Сондай-ақ мамандар жанармай багын қауіпсіз етті. Автомобиль жаңа салмақты көтере алу үшін фирма есік топсасын күшейтіп, жүріс бөлігін жаңартады.
- Түнде көру жүйесі;
- Мотор бөлігіндегі өртті автоматты сөндіру;
- Газ шабуылынан қорғаныс;
- Төбедегі эвакуациялық люк;
- Мықты бампер.
Бронды машинаға арналған опциялар тізімі түнде көру жүйесі, мотор бөлігіндегі өртті автоматты сөндіру, газ шабуылынан қорғау, төбедегі эвакуациялық люк, мықты бампер және т.б. қамтиды.
Жоба авторлары күштік құрылымға тиіскен жоқ. Inkas GX 550 Солтүстік Америкада 349 ат күшіне ие (650 Нм) 3.4 литрлік V6 моторын сақтап қалады. Қозғалтқыш 10 сатылы автомат қорап және толық жетекті жүйемен жұмыс істейді.
Машина қанша тұратыны белгісіз. Әдетте мұндай түрлендіруге жеке тұлғалар тапсырыс беретіндіктен, бағасы клиентке ғана айтылады.