Xiaomi YU7 кроссовері: жаңа электромобильдің таныстырылымы
Xiaomi компаниясы YU7 кроссоверін жарты жылдан кейін сата бастайды.
Xiaomi компаниясының екінші моделі – YU7 кроссовері 2025 жылдың жазында Қытайда сатылымға шығуы жоспарланып отыр. Оның бастапқы бағасы шамамен 300 мың юаньды құрайды.
Xiaomi YU7: сатылымдар және бағалар
Жақында Xiaomi YU7 кроссовері Қытай өнеркәсіп министрлігінің каталогында тіркелді, бұл оның өндірісіне рұқсат алынғанын білдіреді. Жергілікті дереккөздерге сүйенсек, кроссовер 2024 жылдың маусым немесе шілде айларында сатылымға шығады деп болжануда. Элекромобильдің бағасы 300-400 мың юань аралығында болады.
Кроссовер туралы не белгілі
Xiaomi YU7 кроссовері Қытай өнеркәсіп министрлігінің деректер базасында тіркелгендіктен, оның сипаттамалары қолжетімді. Автокөліктің габариттері 4999 х 1996 х 1600 мм, дөңгелек базасының ұзындығы 3000 мм. Салонында бес жолаушы жайлы отыра алады.
YU7-ге үш нұсқадағы дөңгелек дисктер: 19, 20 немесе 21 дюйм ұсынылады. Кроссовердің массасы 2405 кг, ал толық массасы 2855 кг. Жаңа модельдің кіріс және шығу бұрыштары тиісінше 16 және 19 градус.
Xiaomi YU7 күш қондырғысы
Қытай өнеркәсіп министрлігі жаңа Xiaomi кроссоверінің қуат сипаттамаларын жариялады. YU7 моделі екі электромотормен жабдықталған. Алдыңғы электромотор 299 ат күшіне, ал артқысы 392 ат күшіне тең, бұл толық жетекті жүйені қамтамасыз етеді және жалпы қуаты 691 ат күшіне жетеді.
Автокөліктің 100 км/сағ жылдамдыққа жете алу уақыты белгісіз, бірақ оның максималды жылдамдығы 253 км/сағ болады. Қазіргі уақытта аккумулятордың сыйымдылығы туралы ақпарат жоқ, алайда электромоторлардың қуат көзі никель-кобальт-марганец және CATL өндірісіндегі батареялермен қамтамасыз етіледі.
Наурыз айында IT алыбы Xiaomi өзінің алғашқы моделі – SU7 седанын сата бастаған болатын. Қазіргі уақытта бұл электромобиль Қытайда үш нұсқада 215,9-дан 299,9 мың юаньға дейін ұсынылуда.