Алматыда автокөлік газ шығарындыларын бақылаудың жаңа ережесі
Автокөлік шығарындыларының бақылау жүйесіндегі өзгерістер
Алматыда зиянды шығарындыларды бақылаудың жаңарған ережесі әзірленді. Экопостта автомобильдің газ шығару жүйесінің шығарынды деңгейі нормадан асып кеткені бір жыл ішінде қайта анықталса, полиция қызметкері көліктің мемлекеттік нөмірін шешіп алып, ақау жойылғаннан кейін ғана қайтарады. Машина нормадан жоғары түтін шығармайтынын техникалық байқау станциясында емес, арнайы сынақ зертханасында растау қажет болады.
Бұл қандай зертхана және қай жерде екені жобада көрсетілмеген. Жобада ол тек «зерттеу мен сынақ жүргізетін заңды тұлға немесе оның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше» деп сипатталған.
Жобада бұрынғы нұсқалары сияқты қателер бар. Экологтар тағы ереже бұзып тексеру жүргізбекші:
Зерттеулердегі ақаулар
- Құжат ҚР ҰС 1433-2017 стандартына негізделген, алайда елде жаңа ҚР ҰС 1433-2023 стандарты қабылданды.
- Ұсынылған ережеде қазіргі стандарттағы шығарындыларды сынақтан өткізу әдісі ескерілмеген.
- Алматы экологтары стандартта көрсетілген бензинмен жүретін көліктің шығарындыларын -7 ℃-тан төмен, дизельмен жүретін машинаның шығарындыларын 0 ℃-тан төмен ауа температурасында өлшеуге болмайтынын мойындаудан бас тартты.
Оңтүстік астана әкімдігі автомобиль шығаратын газды тексеруді заңнамада жазылған талаптарға сай келмейтін өз ережелеріне бейімдеуге тырысып жатқаны бірінші рет емес. Редакцияның ескертулеріне жауап бермей, айтқанынан қайтпаудан әлі жалықпады. Бұл жолы шенеуніктер қатені ескере ме, жоқ па, көре жатармыз. Kolesa.kz редакциясы Алматының онсыз да ластанған ауасын бүлдіретін көліктерді қолдамайтынын атап өтеді. Бірақ автомобильдің газ шығару жүйесін стандартқа сәйкес тексерген дұрыс деп санайды.