Zeekr 007 GT электромобилінің алғашқы суреттері жарияланды
Нарықтағы жаңа электромобильдің ерекшеліктері мен дизайны
Компания жаңа 007-нің алғашқы суреттерін жариялады. Бес есікті шанақ алған көлік 007 GT атауымен сатылады. Автомобильдің мотор гаммасы платформалас седанмен бірдей болатыны айтылуда. Бағасы 210 мың юаньнан (шамамен 15 млн теңге) басталады.
GT индексі бар электромобиль көлбеу шатыр сызығымен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде жүксалғыш көлемін ұлғайтып, артқы жолаушылардың бас жағында қосымша кеңістік пайда болуына септігін тигізеді. Zeekr 007 GT ерекше артқы тірек және айқын көрінетін спойлермен жабдықталған.
Бұрын жаңа өнім универсал тәрізді деп саналған, алайда алғашқы ресми суреттерінде Zeekr 007 GT шутинг-брейк пен хетчбэкке ұқсас көрінеді. Бренд дизайнерлері электромобильдің сыртын жасай отырып 001 моделінен шабыт алғанға ұқсайды.
Күштік құрылым мен батарея
007 GT бір немесе екі моторлы күштік құрылыммен және әртүрлі аккумулятормен сатылады. 007 седаны Қытайда 646 ат күшіне ие агрегатпен және CLTC циклі бойынша 870 шақырымға дейін жүретін батареялармен жабдықталады. 800 вольтты архитектураның арқасында, 500 км-ге жететін энергия қорын 15 минутта толтыруға мүмкіндік бар.
Нарыққа шығу уақыты
Компания 007 GT саудасын 2025 жылдың екінші тоқсанында бастамақ. Бұл модель Еуропа нарығына бағытталған. Алайда, Қытайда электрокар Nio және Neta брендімен бәсекелесуге дайындалып жатыр. Zeekr сонымен қатар екі үлкен электрлі және гибрид кроссовер шығаруға да жоспар құрып отыр.