Еуропада 2024 жылдың ең танымал автомобильдері
Dacia Sandero, Renault Clio және Volkswagen Golf көш басында
2024 жылы Еуропадағы ең көп сұралатын 3 автомобильдің бәрі шағын хетчбэк болды. Ұлыбритания, Швейцария және Скандинавия елдерін қамтитын саудада Dacia Sandero, Renault Clio және Volkswagen Golf көш бастап тұр. Motor1 Гарменияның Dataforce аналитикалық тобына сілтеме жасап, ең үздік автомобильдер тізімін жариялады.
Dacia Sandero 2024 жылы 14 %-ға өсіп, 270 111 автокөлік сатылды. Renault Clio-ның сатылауы 216 569 (+6.5 %) және Volkswagen Golf 216 549 дана өтті, Golf saudaсы былтыр 17.5 %-ға артты.
Төртінші және бесінші орынға Tesla Model Y мен Volkswagen T-Roc ие болды, бірақ Model Y-ның Еуропа нарығындағы сұранысы 17 %-ға төмендеді.
2024 жылдың ең танымал 10 автомобилі
Орын | Модельдер | 2024 жылғы сауда |
1 | Dacia Sandero | 270 111 |
2 | Renault Clio | 216 569 |
3 | Volkswagen Golf | 216 549 |
4 | Tesla Model Y | 210 484 |
5 | Volkswagen T-Roc | 203 611 |
6 | Peugeot 208 | 199 820 |
7 | Volkswagen Tiguan | 195 297 |
8 | Toyota Yaris Cross | 194 512 |
9 | Škoda Octavia | 182 801 |
10 | Toyota Yaris | 180 806 |
Dacia Sandero өзінің қолжетімді бағасымен және тиімділігімен клиенттердің назарын аударды. Компания модельді электр версияға ауыстыруды жоспарламай отыр. Бұл хетчбэктің кейбір нарықтарында биоотынды агрегаттары бар, олар отын шығынын қысқартады әрі сұранысты арттырады. Dacia Еуропада Hyundai, Kia және Ford-тан озып, нарықтың 4.5 %-ын иеленді.
Model Y бұған дейін Қытай нарығында бірінші орыннан көрініп, ең көп сатылатын электр автокөлік һәм кроссовер атағын алды.