Hongqi 05 электроседанының тұсаукесері жақында өтеді

Hongqi 05 электроседаны туралы жаңалықтар

👁️ 7
Сурет: kolesa.kz

Hongqi 05 индексті жаңа электроседанының алғашқы ресми суретін жариялады, ол Tiangong топтамасына 08 кроссоверінен (EHS7) кейін екінші болып қосылады. Электрокардың тұсаукесері жуырда өтеді.

Новый электроседан Hongqi. Первые фото Новый электроседан Hongqi. Первые фото Новый электроседан Hongqi. Первые фото

Hongqi Tiangong 05 марка былтыр көктемде таныстырған E009 концептісінің сериялы нұсқасы. Седанның сырт пішіні концептінің негізгі стилін сақтайды, бірақ өндіріс барысын жеңілдету үшін біршама өзгерген. Мысалы, Tiangong 05-тің алдыңғы бөлігі өзгеше жарық техникасы, бампер және стандарт Hongqi логотипімен ерекшеленеді, ал концептіде V пішінді Hongqi New Energy белгісі болған.

hongqi-05-10

Интерьер архитектурасы жайлы ақпарат жоқ, алайда шпиондық суреттен рөлі, үлкен ортаңғы дисплейі және өзгеше алдыңғы панелі көрінеді. Hongqi Tiangong 05-те аспаптар панелі болмайды, оның қызметін алдыңғы әйнектегі 65 дюймдік проекция атқарады.

Новый электроседан Hongqi. Первые фото Новый электроседан Hongqi. Первые фото Новый электроседан Hongqi. Первые фото Новый электроседан Hongqi. Первые фото

Электрокардың параметрлері:

  • Өлшемдері: 4820×1915×1480 мм
  • Дөңгелек базасы: 2.9 метр
  • Мощность: 286 ат күші
  • Батарея: CATL литий-темір-фосфатты
  • Жүріс қоры: 550 немесе 750 км
  • Ең жоғары жылдамдық: 200 км/сағ

Басқа техникалық мәліметтер тұсаукесер кезінде жарияланады.