Jaguar I-Pace: Сән мен технологияның жаратылысы

Jaguar I-Pace-тің болашағы мен проблемалары

👁️ 9
Сурет: x.com/newt7215

Jaguar бренді I-Pace-тің тартымды дизайны мен озық технологияға толы техникасы марканы жоғары бағалайтын қалталы азаматтарды қызықтырып, модельдің болашағы жарқын болады деп сенген-ді. Тіпті 2019 жылы аса сәнді кроссовер Еуропада жыл көлігі атанып, бірнеше дизайнерлік жүлде алды және экологтардың көңілінен шықты.

Алайда, таласып алып жатқан халық қарасы көрінбеді. Кейін батареясынан қауіпті ақау шығып, әп-сәтте беделінен айырылды.

Кері байланыс: Jaguar-дың алдын алу шаралары

Шығынға батпау үшін бренд 2024 жылдың аяғында АҚШ-тағы шағымданған 2760 адамның көлігін қайта сатып алатынын жария етті. Бұл науқан Ұлыбританияда да өтті.

Фото дня: печальный финал Jaguar I-Pace

Компанияның стратегиясы

Компанияның машиналарды жақсартып, қайта сатуға еш зауқы жоқ. Сол себепті барлық көлік қоқыста жатыр, кейін кәдеге жаратады.

Қазақстандағы Jaguar I-Pace

Jaguar I-Pace брендтің Қазақстандағы тотпамасында бар екенін айта кеткен жөн. Бірақ біздің елде танымал дей алмаймыз. 2023-2024 жылдары небәрі үш данасы иесін тапқан.