BMW жаңа электрлі седанын таныстырды

Седандағы Heart of Joy суперкомпьютері

👁️ 20
Сурет: kolesa.kz

BMW компаниясы электрлі күштік құрылыммен жабдықталған және Neue Klasse платформасына негізделген прототипті таныстырды. Жаңа Vision Driving Experience (VDE) атауын алған седан Heart of Joy суперкомпьютерін тестілеу үшін жасалған. Бұл құрылғы жаңа топтамадағы модельдерге орнатылады.

Heart of Joy қазіргі басқару блогынан бес есе жылдам «ойлайды». Бренд мұндай блоктарды өзара байланысты жүйелерді бір құрылғыға біріктіру үшін әзірледі. Heart of Joy күштік құрылымды, рекуперация мен тежеу жүйесін, рөлді басқарады. Интеграция электрокардың іркіліп қалуына жол бермеуге тиіс. Ресми мәлімет бойынша, машинадағы бұл кемшілік қазір миллисекундпен өлшенеді.

BMW показала драйверский электроседан с новым суперкомпьютером

Neue Klasse платформасындағы модельдер дәл басқарылып, біркелкі қозғалатын болады. Бірнеше жүйені біріктіру борттық жүйелердің тиімділігін арттырады. Мәселен, рекуперация функциясы 25% жақсарады. BMW мамандарының есебінше, бұл күнделікті қозғалыста механикалық тежеуішті қажет етпеуге мүмкіндік береді. Концерн әр электрокарына төрт Heart of Joy блогын орнатуды жоспарлап отыр, оған қоса жүргізуші көмекшілерін, жайлылыққа арналған функциялар мен медиажүйені өзі қадағалайды.

BMW показала драйверский электроседан с новым суперкомпьютером

BMW VDE жаңа басқару блогын сынақтан өткізу үшін ғана шыққандықтан, тартым көрсеткіші өте жоғары (18 000 Нм). Жоба авторлары жаңа блок бұған шыдас берсе, қарапайым көлікте тіпті жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеді. VDE конвейерге тұра ма деп үміттенудің қажеті жоқ, дегенмен ол BMW Neue Klasse модельдерінің сырт пішіні қандай болатынын және брендтің қуатты электромобиль өндіру жоспарының ауқымын көрсетеді.

BMW показала драйверский электроседан с новым суперкомпьютером

Прототип салонында сериялық машиналарда болатын бірнеше электронды шешімдер бар, атап айтсақ, айрықша пішінді ортаңғы тачскрин мен алдыңғы әйнекті түгел алып тұрған Panoramic Vision дисплейі. Фотосуреттен карбон панельдер көп екені байқалады, спорттық рөл мен басқару батырмалары айқындалған. Көліктің тағы бір ерекшелігі — күштік электроника режиміне қарай түсін өзгертетін дөңгелектегі жарықшам. Жылдамдық артқанда дөңгелектер жасыл түске боялса, рекуперация іске қосылғанда көп болып жанады. Ал механикалық тежеуіштер қосылса, қызғылт сары реңк пайда болады.

BMW показала драйверский электроседан с новым суперкомпьютером

Концерн Vision Driving Experience-ті Шанхайда өтетін автосалонға апарады. Сол кезде техникасына қатысты толық ақпарат беруі мүмкін.