Ресейде жаңа MARTT спорткары тіркелді
Москвич стиліндегі спорткардың ерекшеліктері

Ресейде алғаш рет сырт пішіні «Москвич» моделіне ұқсас MARTT («Москвич-АРТ-лайн Технолоджи») жарыс прототипі жалпыға ортақ жолда жүруге рұқсат алды. Модель көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сертификат алды және тіркелді.





MARTT моделін «АРТ-лайн Технолоджи» фирмасы жасап шықты, компания спорт жарысымен танымал және Формула-3 болидтерімен белгілі.

Жоба он жыл бұрын пайда болды, жеңіл шанақ алюминий рамасы мен қауіпсіздік қаңқасымен, сондай-ақ «Москвич М-400/401» стиліндегі тұжырымдамамен ерекшеленеді.

Автомобиль 1.6 литрлік ВАЗ-21126 моторымен жүреді және айналу моменті 6 сатылы секвентал қорабымен артқы дөңгелектерге беріледі.

Прототип стандартты енгізу коллекторы мен басқару блогы бар сериялы мотормен жабдықталған. Ал, жолдық нұсқа үшін күштік құрылым күшейтілген шатун, піспек тобы, жақсартылған блок басы және турбоүрлемімен ерекшеленеді. Мұндай MARTT 300 ат күшіне ие болады.
Автомобиль аспасы кең параметр ауқымымен және екі көлденең иінтіректі схемамен жобаланған.
Салонның ерекшеліктері: экраны бар аспаптар панелі, «ЭРА-ГЛОНАСС» терминалы, рөлдегі батырмалар, дисплей, беріліс қорабы жапырақшасы және спорттық кресло.
«Арт-Лайн» ретроспорткардың саудасына қатысты ақпарат бермеді.
[media=https://www.youtube.com/watch?v=7wAJMhxiJJo]