Шымкент - Қорғас трассасы: «өлім жолы» мәселесі

Жол апаттары мен қауіпсіздік мәселелері

👁️ 24
Сурет: Алматы облысы ПД, inform.kz және Тимур Еникеев

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Kolesa.kz редакциясына 2024 жылғы жол апатының статистикасын ұсынды. Мекеме есебі бойынша Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас халықаралық А-2 тас жолы былтыр нағыз «өлім жолына» айналған, онда 685 апат болыпты. Трасса Алматы, Түркістан және Жамбыл облысы аумағынан өтеді. Бір жылда онда 134 адам ажал құшқан.

Прокурорлардың айтуынша, тас жолдағы оқыс оқиғалардың жартысы жылдамдық асырудан, қалғандары түнде және ымыртта орын алған. Комитет жыл сайын Қазақстанда орта есеппен 1.5–2 мың азаматтың жол апатынан қаза табатынын, олардың орташа жасы 20-45 жас аралығында екенін атап өтті. Былтыр республикада 31.5 мыңнан аса оқыс оқиға тіркеліп, 2.5 мың адамның өмірін қиған; 40 мыңнан астам тұрғын жарақат алған.

Кісі өлімімен аяқталған жол апатының 61%-ы қала сыртындағы трассаларда орналасқан. Мұндай ауыр оқиғалар Алматы (210 ЖКО, 271 адам қаза тапты), Түркістан (142 ЖКО, 182 адам қаза тапты) және Жамбыл (127 ЖКО, 189 адам қаза тапты) облыстарында жиі кездескен. Жол апаттарының 2275-ін көліктердің соғылуы, 1393-ін аударылып кету себеп болған.

Прокуроры назвали «дорогой смерти» трассу Шымкен – Хоргос. Почему?

Прокуратура өкілдері такси жүргізушілеріне ерекше назар аударды. Олар жиі дем алмай жұмыс істейді, күнделікті медициналық тексерістен өтпейді, көліктің техникалық қауіпсіздігіне де көп мән берілмейді. Мысалы, 2024 жылы таксистердің қатысуымен 113 апат болып, 42 адам көз жұмған, ал тағы 201 азамат жарақат алған.

Прокурорлар зерттеуде тек ресми таксистерді ғана есепке алғанын түсіндірді, алайда қалааралық жолдарда тіркелмеген таксистер мен шетелдік жүргізушілердің жолаушыларды тасымалдайтыны жасырын емес. «Өлім жолы» аталаған Шымкенттен Қорғасқа дейінгі трассада мұндай көлік жүргізушілері көп кездеседі.

Прокуроры назвали «дорогой смерти» трассу Шымкен – Хоргос. Почему?

Бас прокуратура жолаушыларға такси шақырылғанда, әсіресе қалааралық сапарға шығарда, көліктің жағдайына, жүргізушінің куәлігі мен техникалық байқау картасына назар аударуға шақырады. Тек осылай жүргізушілер тәртіпке бағынып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.

Сіздің ойыңызша, бұлай істеу мүмкін бе?