Longbow стартапы электрлі спорткар шығарады
Британияның Longbow стартапы жаңа электромобиль модельдерін таныстырды

Британиялық Longbow стартапы Roadster және Speedster модельдерінің алғашқы суреттерін жариялады. Бұл спорткарлар ұлттық дәстүрді жаңғыртып, сонымен қатар электрлі болмақ. Стартаптың негізін бұрын Tesla мен Lucid компанияларында еңбек еткен инженерлер қалаған.

Спорткардың дизайны мен техникалық сипаттамасы
Longbow көліктерінің дизайны көз тартатын болады, сонымен қатар жүргізуге де жайлы. Жоба авторлары динамиканы жақсарту мақсатында көліктің құрылымын жеңілдетуді жоспарлап отыр. Мысалы, шатыры жоқ Longbow Speedster моделі 900 келіден аспайтын салмаққа ие, ал Roadster купесі шамамен бір тоннаға жетеді.

Спорткардың ерекшеліктері
Мамандар спорткар үшін алюминий мен композиттен тұратын шасси әзірледі. Сондай-ақ шағын мотор мен батарея таңдалған. Көліктің 3.5 секундта 100 км/сағ жылдамдыққа жете алатыны, жүріс қоры 440 км екені белгілі. Бұл модельдің базалық нұсқасы 340 ат күшіне ие бір қозғалтқышпен жабдықталған.

Бағасы және тапсырыс беру
Компания жаңа модельдерге тапсырыс қабылдай бастады, бағасы да белгілі. Longbow Roadster моделі 65 мың фунт (41 млн теңге) тұрады, ал Speedster моделі 20 мың фунтқа қымбат, яғни 54 млн теңге. Әр модельден тек 150 экзмпяр ғана шығарылмақ. Жұмыс прототипін биыл жазда таныстыру жоспарланған, ал сериялық нұсқа 2026 жылы ұсынылатын болады.
Бұл жобаның жетекшілері - Tesla Model 3 өндірісіне қатысқан Дэниэл Дейви мен Tesla, Lucid және BYD компанияларында жұмыс істеген Марк Тапскотт. Ал қаржы және экономика жағына X Shore электрлі қайық фирмасының бұрынғы басшысы Дженни Кейс жауапты болады.