Автосалондарда ақпандағы сауда рекорды орнауы мүмкін

Қазақстандағы автокөлік нарығының 2025 жылғы ақпандағы көрсеткіштері

👁️ 3
Сурет: kolesa.kz

Жыл басындағы ресми автонарық саудасы әдетте төмен болады, алайда биыл жағдай өзгерді. Ақпанда 15 208 жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника, сонымен қатар 755 жүк көлігі мен автобус сатылды.

Қазақстанның автокөлік одағы (ҚАО) ақпандағы сауда нәтижесінің қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда 41.6 пайызға, былтырғы ақпандағы нәтижемен салыстырғанда 29.9 пайызға өскенін хабарлады. Осылайша, биыл алғашқы екі айдағы көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 15.7 пайызға жоғары болды. Мұндай қарқынмен биыл нарықта рекорд орнауы мүмкін.

ҚАО президенті Анар Мақашеваның айтуынша, ресми дилерлер мен автосалондар клиенттерге тиімді қаржылық бағдарламаларды ұсыну арқасында көбірек машина сатылуда. Спикер сұраныстың арта түсетініне сенімді.

2025 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша жаңа автомобильдер нарығындағы үздік 10 марка

Орын Марка 2025 жылғы ақпандағы сауда нәтижесі
1 Hyundai 4043
2 Chevrolet 2080
3 Kia 1805
4 Jetour 1160
5 Chery 1038
6 JAC 760
7 Geely 757
8 Haval 714
9 Toyota 690
10 Changan 555

Танымал модельдер тізімінде Chevrolet Cobalt көш бастады, оның 1776 данасы иесін тапты. Ол Hyundai Tucson-нан (1734 дана) озып, үшінші орынды Hyundai Elantra (960) иеленді. Үздік бестікке Kia Sportage (954) мен Қазақстан нарығына былтыр шыққан Hyundai Mufasa (499) енді.

Автосалондардың ақпандағы саудасы: рекорд жаңара ма? Автосалондардың ақпандағы саудасы: рекорд жаңара ма? Автосалондардың ақпандағы саудасы: рекорд жаңара ма? Автосалондардың ақпандағы саудасы: рекорд жаңара ма? Автосалондардың ақпандағы саудасы: рекорд жаңара ма? Автосалондардың ақпандағы саудасы: рекорд жаңара ма? Автосалондардың ақпандағы саудасы: рекорд жаңара ма? Автосалондардың ақпандағы саудасы: рекорд жаңара ма? Автосалондардың ақпандағы саудасы: рекорд жаңара ма?

Екі айдың қорытындысы бойынша брендтер рейтингінде Hyundai (7246; +22.6%) алғашқы орында. Екінші және үшінші орындарға Chevrolet (3271; +66.6%) мен Kia (2785; -9.1%) орналасқан.

2025 жылғы екі ай қорытындысы бойынша жаңа автомобильдер нарығындағы үздік 10 марка

Орын Марка 2025 жылдың екі айындағы сауда нәтижесі
1 Hyundai 7246
2 Chevrolet 3271
3 Kia 2785
4 Chery 1747
5 Jetour 1741
6 Geely 1417
7 JAC 1349
8 Haval 1294
9 Toyota 1292
10 Changan 927