Алматы әкімдігі азық-түлік тауарларын жеткізу бойынша келісімшарттар жасасты
Алматы әкімдігі 9,7 мың тонна көкөніс жеткізу жөнінде келісімшарттарға қол қойды.

Алматы әкімдігі отандық өндірушілермен форвардтық сатып алулар және айналым қарыздары аясында тауық еті, сүт, жұмыртқа, күріш, қант және тұз жеткізу жөнінде келісімшарттар жасасты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
- «Asyl Dan Trade» ЖШС - 1 мың тонна күріш;
- «Алатау-Кус» АҚ - 1,8 мың тонна тауық еті;
- «Көкшетау сүт зауыты Белогорье» ЖШС - 170 тонна сүт;
- «Сары-Булак» АҚ - 86,4 миллион жұмыртқа;
- «Коксус сахар зауыты» ЖШС - 4,5 мың тонна қант;
- «Алтын Орда» ЖШС - 800 тонна тұз.
Сезондық тербелістерді азайту үшін бірнеше өңірдің фермерлерімен 9,7 мың тонна көкөніс жеткізу бойынша келісімшарттар жасалды. Ерте пісетін көкөністерді оңтүстік облыстардан жеткізу мәселесі қарастырылуда, - деп мәлімдеді әкімдіктен.
Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының фермерлері картоп, сәбіз, пияз және қырыққабатты төмендетілген бағамен жеткізетін болады.
Сонымен қатар, ведомство мәліметтері бойынша, Magnum сауда желісімен әлеуметтік маңызы бар 11 тауардың бағалары бекітілген. Рынокты мониторингтеу барысында 15%-дық сауда үстемесін бұзу жөнінде 119 бұзушылық анықталып, 17 делдал нарықтан шығарылды.