Макарон өнімдері нарығының болашағы қандай?

Макарон өнімдері нарығының болжамдары және жетекші елдер туралы ақпарат.

👁️ 3
Сурет: shutterstock.com

Statista-ның болжамдарына сәйкес, 2025 жылы әлемдік макарон өнімдері нарығындағы табыс 152,39 миллиард АҚШ доллорын құрайды. Нарықтың жылдық өсімі 6,38% деңгейінде болады деп күтілуде (2025–2030 жылдар аралығындағы орташа жылдық өсім) - деп хабарлайды ranking.kz.

Макарон өнімдерінің әлемдік нарығы

Макарон өнімдері нарығында үлкен өсім күтілуде. 2025 жылы Қытайдың нарықтағы үлесі 31 миллиард долларды құрайды.

Пайдалану көрсеткіштері

2025 жылға қарай орташа адамның макарон өнімдерін тұтыну көлемі 7,4 кг болады деп болжануда.

Өндіріс көлемі

UN.AFPA мәліметі бойынша, 2023 жылы әлемдік макарон өнімдерінің 31,9%-ы Еуропалық одаққа тиесілі. Одан кейінгі орындарды алатын елдер:

  • Қалған Еуропа - 18,3%
  • Орталық және Оңтүстік Америка - 17,8%
  • Африка - 13,9%
  • Солтүстік Америка - 12,7%
  • Орта Шығыс - 3,5%
  • Азия - 1,5%
  • Австралия - 0,3%
Макарон өнімдерін өндіруден Италия, АҚШ, Түркия, Египет және Бразилия жетекші елдер қатарында.
— Автор.