Кофе өңдеу зауытына 10 миллион доллар кредит бөлінді

Еуропалық қайта құру және даму банкі кофе өңдеу зауына инвестиция құйды.

👁️ 14
Сурет: eldala.kz

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) «Empire Manufacturing Kazakhstan» (EMK) компаниясына кофе өңдеу зауытын салу үшін 10 миллион доллар көлемінде кредит берді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

Жаңа зауыт «Хоргос» арнайы экономикалық аймағында салынатын болады. Жоба бойынша жаңа кәсіпорында өндірілген кофенің 50%-дан астамы Орталық Азия мен Кавказға экспортталатын болады.

Сонымен қатар, жобаның көмегімен жұмыс орындары ашылып, Қазақстанның тамақ өнеркәсібі үшін жаңа стандарттар енгізілетіні атап өтілді.

«Зауыт Қазақстан мен Орталық Азияда тамақ өнеркәсібінің технологиялық және гигиеналық стандарттары бойынша үлгі болмақ», - деп мәлімдеді банктің баспасөз қызметі.

EMK халықаралық азық-түлік және сусындарды өндіру және тарату бойынша Food Empire Holdings тобының еншілес компаниясы болып табылады, оның акциялары Сингапур биржасында айналымда.

ЕҚДБ Қазақстанда 335 жобаны жүзеге асыруға 11 миллиард еуродан астам инвестиция салды.