Иорданияның Al Jazeera Agriculture компаниясы Қазақстанда 15 млн доллар инвестиция салады

Иорданиялық Al Jazeera Agriculture Қазақстанда инкубациялық жұмыртқа өндірумен айналысатын болады.

👁️ 26
Сурет: eldala.kz

Иорданияның Al Jazeera Agriculture компаниясы Қазақстанда 15 млн доллар көлеміндегі инвестициямен өндіріс ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZAKH INVEST баспасөз қызметі хабарлайды - деп жазады eldala.kz тілшісі.

Компания өкілдері Жетісу, Түркістан және Қызылорда облыстарын аралап, жобаны жүзеге асыруға қолайлы жер учаскесін іздеді. Кездесу барысында Қазақстанның инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Габидулла Оспанкуловпен компания өкілдері инкубациялық жұмыртқа өндірісін Қазақстанда ұйымдастыру жоспары туралы айтты.

  • Алғашқы кезең 15 млн доллар көлемінде бағаланып, Еуропадан аналық тауықтарды импорттау жоспарланды.
  • Компания сонымен қатар жергілікті өндіруші жеткізушілерді тартып, комбикорм зауытын құруды да көздеп отыр.

Нұр-Сұлтанда Al Jazeera Agriculture өкілдері Қазақстан Даму Банкі мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының өкілдерімен кездесіп, жобаны қаржыландыру және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Al Jazeera Agriculture Иорданиядағы жетекші интеграцияланған құс шаруашылығы компанияларының бірі болып табылады. Компания Сауд Арабиясы мен БАӘ-ге ет экспорттауға лицензияға ие. Компания иордан нарығында шамамен 23% үлесті иеленеді және жыл сайын 60 млн кг тауық етін, 100 млн инкубациялық жұмыртқа өндіреді. Сонымен қатар, Al Jazeera Agriculture жоғары қосылған құны бар тауық өнімдерін өз брендтерімен өндіреді, жыл сайын 4 мың тонна ет өңдейді.