Алматыда үш күндік ауа райы болжамы жарияланды
Алматыдағы ауа райы туралы жаңа мәліметтер жарияланды.
👁️ 9

Сурет: inalmaty.kz
Синоптиктер Алматыда алдағы үш күндегі ауа райы болжамын жариялады. 28 наурызда ауаның өзгермелі бұлттылығы, күндіз жаңбыр күтілуде - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
28 наурыз
- Ауа райы: өзгермелі бұлттылық, күндіз жаңбыр.
- Жел: шығыс бағыттағы 3-8 м/с, күндіз 15 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.
- Температура: түнде 0-2°С, күндіз 6-8°С жылы.
29 наурыз
- Ауа райы: жаңбыр мен қар, тұман күтіледі.
- Жел: солтүстік-шығыс бағыттағы 3-8 м/с.
- Температура: түнде 0-2°С аяз, күндіз 8-10°С жылы.
30 наурыз
- Ауа райы: өзгермелі бұлттылық, жауын-шашын болмайды.
- Жел: шығыс бағыттағы 2-7 м/с.
- Температура: түнде 0-2°С аяз, күндіз 11-13°С жылы.