Алматыда наурыздың соңындағы ауа райы қалай өзгереді?

Алматыдағы ауа райы туралы соңғы мәліметтер.

👁️ 21
Сурет: inalmaty.kz

Синоптиктер 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

30 наурыз

30 наурызда ауа райы өзгермелі бұлтты болып, жаңбыр жаумайды. Түнде және таңертең тұман болады. Жел шығыстан 3-8 метр секундпен соғады. Түнде температура 1-3 градус, күндіз 10-12 градус жылы болады.

31 наурыз

31 наурызда да ауа райы өзгермелі, жаңбыр жаумайды. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 метр секундпен соғады. Түнде температура 1-3 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.

1 сәуір

1 сәуірде Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 метр секундпен соғады. Түнде температура 2-4 градус, ал күндіз 15-17 градус жылы болады.