Алматыдағы жарық, су және экология мәселелері шешімін табады

Президент Тоқаев Алматының инфрақұрылымы мен экологиясын жақсартуға уәде берді.

👁️ 16
Сурет: inalmaty.kz

Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде, президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаладағы кешкі жарықпен қамтамасыз ету, тұрғын үйлерге су дер кезінде және толық жеткізу, көшелер мен аулаларды абаттандыру сынды міндеттерді жүктеді. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акцияларының тұрақты түрде дұрыс өткізілуін, қаланы көркейту және көлік қозғалысын ретке келтіру қажеттігін атап өтті. Бұл шаралар экологиялық деңгейді арттыруға және мегаполис тұрғындарын алаңдататын басқа да мәселелерді шешуге бағытталған.

Әкімге басқару қызметін күшейтіп, ең ірі қалада тәртіп орнату, сондай-ақ Алматының қаржы, спорт, туризм және мәдениет орталығы ретінде мәртебесін нығайту тапсырылды.

Әкім екі апта сайын президентке жүргізілген жұмыстар мен қабылданған шаралар туралы есеп беріп отыратын болады.