Алматыда экология басқармасын Мирас Гайсин басқармақ

Алматыда экология және қоршаған орта басқармасының жаңа жетекшісі тағайындалды.

👁️ 16
Сурет: inalmaty.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың шешімімен Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының жетекшісі қызметіне Мирас Гайсин тағайындалды. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Мирас Гайсин 1987 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде маман ретінде бастаған. Содан кейінгі жылдары Алматы және Астана қалаларының табиғи ресурстар басқармаларында түрлі басшылық қызметтерді атқарды.

2023 жылдан бастап Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының орынбасары қызметін атқарды.