Алматыда қатты жаңбыр мен найзағай күтілуде
Алматы тұрғындары мен қонақтарына ауа райына байланысты ескертулер жасалды.
👁️ 20

Сурет: inalmaty.kz
5 сәуірде оңтүстік астанада қатты жаңбыр, найзағай мен шығыс желдері күтілуде. Найзағай кезінде желдің күші 15-20 метр секундқа дейін жетуі мүмкін - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
- Синоптиктер тұрғындар мен қонақтарды тауға шығудан бас тартуға шақырды.
- «Егер қатты жауын-шашын туралы ескерту жарияланса, тау аймағына баруды кейінге қалдырған жөн, жақсы ауа райын күту керек»,-деді ведомство.
Жаңбыр кезінде қауіпсіздік ережелері:
- Электр желілерінің бүтіндігіне назар аударыңыз;
- Автомобильдеріңізді ағаштардың астында қалдырмаңыз;
- Күшейтілмеген құрылыс нысандарының астында тұрмаңыз, себебі олардың құлауы адамдарды жарақаттауға әкелуі мүмкін.