Ақтөбе облысында медициналық анықтамалардың бағасы төмендеді

Ақтөбе облысында медициналық анықтамалардың бағасын негізсіз көтергендер анықталды.

👁️ 15
Сурет: aktobetimes.kz

Уилс ауданындағы прокуратура медициналық анықтамалардың бағасын негізсіз көтеру және міндетті емес қызметтерді төлеуге мәжбүрлеу фактілерін анықтады. хабарлайды Актобе Таймс.

Мәселен, №073/е формасы (жүргізуші куәлігін алу үшін) 7 705 теңгеге сатылып, №075/е формасы (медициналық кәсіби-консультативтік қорытынды) бойынша да баға шамамен осындай болды. Ал №076/е формасы (қару алу рұқсаты үшін) 9 405 теңгеден ұсынылған. Аталған медициналық анықтамаларға міндетті тізімде жоқ қосымша қызметтер енгізіліп, науқастардан талап етілген.

Сонымен қатар, тексеру барысында жергілікті аурухананың қажетті диагностикалық жабдықтарға ие еместігі анықталды, нәтижесінде науқастар Ақтөбедегі медициналық мекемелерге жүгінуге мәжбүр болды.


Прокурорлық бақылау актісіне сәйкес, анықтамалардың бағасы төмендетілді: №073/е – 6 000 теңгеге, №075/е – 5 000 теңгеге, №076/е – 9 000 теңгеге. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасына жетіспейтін жабдықтарды сатып алу үшін өтінім жіберілді.

Нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.