Пхукет-Алматы рейсінде алкогольдік мас күйде тәртіп бұзған жолаушы ұсталды

Қазақстанда бұзақылық жасаған шетелдік азаматқа айыппұл салынды.

👁️ 20
Сурет: inalmaty.kz

Пхукет қаласынан Алматыға ұшып келген жолаушы ұшақта қоғамдық тәртіпті бұзған. Эңбекшіқазақ ауданында орналасқан халықаралық әуежайда полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны ұстады - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

  • 42 жастағы Ресей Федерациясының азаматы жолаушылар салонында алкогольдік мас күйде болған.
  • Тәртіп бұзушы орындықта отырып, қажеттілігін орындаған.
  • Оған алкогольдік ішімдіктерді пайдалану мен қоғамдық орында мас күйде болу және ұсақ бұзақылық үшін 25 МРП (98 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік үшін жолаушылардың тәртібін бақылауды жалғастыруда.