Алматы-Ақтөбе пойызында тәртіп бұзған жолаушы үш күнге қамалды
Пойызда тәртіп бұзған Алматы тұрғыны үш күнге қамалды.
👁️ 12
Сурет: inalmaty.kz
28 қазан күні Алматы-Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында тәртіп бұзушы ұсталды. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті хабарлады - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
49 жастағы азамат мас күйінде қоғамдық орында заңсыз әрекеттер жасаған.
«Мас күйінде және қоғамдық орында болған азамат, ескертуге жауап бермей, жолаушылардың тыныштығын бұзып, қоғамдық тәртіпті бұзған»,- деді полиция өкілдері.
Тәртіп бұзушыға алкоголь ішімдіктерін ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шығу деректері бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (18 460 теңге) айыппұл салынды.
Сонымен қатар, бұрын ұқсас құқық бұзушылықтар бойынша жауапқа тартылғандықтан, іс сотқа жіберілді. Сот шешімімен тәртіп бұзушы үш күнге қамалды.