Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын локализациялау жобасы басталады
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын локализациялау жобасы басталады.

Су үнемдейтін техниканы қоса алғанда, заманауи ауыл шаруашылығы жабдықтарын өндіру мен құрастыру жобасын Bauer Group компаниясы Қазақстанда жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен кездесуде компания президенті Отто Ройс мәлімдеді - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Жоба жүзеге асуға дайын
Отто Ройс жобаның толыққанды жүзеге асуға дайын екенін атап өтті.
«Сәті келсе, аймақты таңдаған соң, құрылыс монтаж жұмыстарын бастаймыз. Биыл бірнеше түрдегі жаңбырлатқыш машиналардың өндірісін бастаймыз. Сондай-ақ, суды тазалау және көңді қайта өңдеу жабдықтарын өндіру жоспарымызда бар», - деді Bauer Group президенті.
Министрдің қолдауы
Айдарбек Сапаров министрліктің жобаны белсенді қолдауға дайын екендігін растады және өндірісті сәтті жүзеге асыру үшін Жол картасын әзірлеуді ұсынды.
«Суару алаңдарын жылына 150 мың гектарға дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылданып жатыр. Осы мақсаттар үшін біз заманауи суару технологияларын енгізуге мүдделіміз», - деп айтты Айдарбек Сапаров.
Халықаралық серіктестік
Министр сонымен қатар Bauer Group сияқты халықаралық компаниялармен ынтымақтастық Қазақстандағы тиімді және тұрақты ауыл шаруашылығының әрі қарай дамуы үшін маңызды екендігін атап өтті.