Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін үш жаңа зауыт ашылды

Қазақстанның ауыл шаруашылығы машина жасауда жаңа өндірістер ашылды.

👁️ 10
Сурет: eldala.kz

Бұл жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы машина жасауда үш жаңа өндіріс іске қосылды. Олардың жалпы құны 5,7 млрд теңгені құрайды» - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы QazIndustry-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «кәсіпорындар өзін-өзі қозғайтын ауыл шаруашылығы машиналарын, тіркемелі және ілмекті техниканы, жаңбырлатып суару жабдықтарын, терең қопсытқыштарды және басқа да техникаларды өндіре бастады. Өндірілетін өнімнің көп бөлігі елдің ішкі қажеттіліктеріне бағытталған» деп атап өтті.

Биыл іске қосылған жобаларды жобалық қуатқа шығарарда өндірілетін өнім көлемі болжам бойынша 107,3 млрд теңгеге жетуі мүмкін. Жобалардың іске асырылуы 172 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

QazIndustry-нің мәліметі бойынша, ауыл шаруашылығы машина жасаудың инвестициялық портфелінде жалпы 26 млрд теңге көлеміндегі 10 жоба бар. Олардың жүзеге асырылуы 700-ден астам жұмыс орнын құруды жоспарлауда.

«Қазіргі уақытта 18,4 млрд теңге көлеміндегі бес жоба іске асырылуда, бұл 510-нан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Комбайндар, тракторлар, ауыр тырмалар, астық тасымалдағыштар және басқа да өнімдер өндірісі жоспарлануда. Өндірілетін өнімнің көп бөлігі ішкі нарыққа бағытталады» деп атап көрсетілген орталықта.

Сонымен қатар, болашақта шамамен 2 млрд теңге көлеміндегі тағы екі жобаны жүзеге асыру қарастырылуда.

«Отандық инвесторлармен бірлесе отырып, әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ жөндеу және техникалық қызмет көрсету орталығын ашу жоспарланып отыр» деп мәлімдеді QazIndustry.