Александр Овечкин жаңа рекорд орнатты: Гретцкидің 26 жылдық жетістігін Бағындырды!
39 жастағы хоккейші Александр Овечкин Ұлттық хоккей лигасында жаңа рекорд орнатты.
👁️ 20

Сурет: aktobetimes.kz
39 жастағы ресейлік хоккейші Александр Овечкин «Вашингтон Кэпиталс» командасында 895 шайбасы бар! Ол Ұлттық хоккей лигасының регулярлы чемпионатында рекордтық 895-ші шайбасын Нью-Йорктегі «UBS-Arena» мұз айдынында «Нью-Йорк Айлендерс» командасына қарсы өткен ойында соқты. Осылайша, ресейлік хоккейші Уэйн Гретцкидің 894 шайбалық рекордын жаңартты, ол 1999 жылдан бері 26 жыл бойы мызғымас болып келген. Айта кетерлік жайт, Уэйн Гретцки ойынның куәгері болып, Овечкиннің жетістігін қол соғып қарсы алды. хабарлайды Актобе Таймс
Овечкиннің бұл жетістігі әлемдік хоккейде маңызды тарихи оқиға болып табылады.