<b>Жаңа Lada Azimut моделі таныстырылды</b>

Lada Azimut – жолсыз жерлерге арналған жаңа кроссовер

👁️ 10
Сурет: kolesa.kz

18 маусымда Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында АВТОВАЗ жаңа моделін таныстырды. Ол — Lada Azimut.

Компания Azimut атауын Тольяттидегі зауыт қызметкерлері арасында өткен ашық байқауда таңдағанын хабарлады. Ол көліктің жолсыз жерге бейімделгенін және зерттелмеген мекендермен байланысын көрсетеді.

Жаңа дизайн мен компоненттер

Бренд Azimut дизайнын «фирмалық X стиліне жаңа көзқарас» деп сипаттады. Модельді әзірлеуге АВТОВАЗ үш жыл жұмсады. Жаңа өнім 996 жаңа және жақсарған компонент алды, олардың қатарында өзгеше артқы аспа бар. Көліктің нақты өлшемдері әзірге жарияланбады, бірақ ол «Вестадан» ұзын болатын сияқты. Жол саңылауы — 208 мм.

Қозғалтқыштар мен трансмиссия

Машина 1.6 немесе 1.8 литрлік атмосфералы қозғалтқыштармен жабдықталады, олар 120 және 132 ат күшін береді. Бұл моторлар 6 сатылы механикамен немесе вариатормен жұмыс істейді. Кейінірек Қытайдың 150 ат күшіне ие турбомоторы мен классикалық автоматы қосылуы ықтимал.

У АВТОВАЗа новый кроссовер – это Lada Azimut

Салон мен технологиялар

Салонына екі шабақты рөл мен қосарлы дисплейден тұратын планшет орнатыпты. Цифрлы аспаптар панелінің нақты өлшемі белгісіз, ал медиажүйе экраны — 10 дюйм. Жүйеде Сбер қосымшалары, оның ішінде виртуалды көмекші, 2GIS навигациясы, кіріккен SIM-карта мен алты динамикті аудиожүйе болады.

Жабдықтар тізімінде: сымсыз қуаттағыш, электр көмегімен реттелетін рөл мен орындықтар, панорамалы шатыр, екі аймақты климат-бақылау, электр жетекті жүксалғыш қақпағы, айнала шолу камерасы, жүріс режимін таңдау мүмкіндігі, шина қысымын бақылау және кілтсіз ашу жүйесі.

Келешек өндірісі

Azimut-тың сериялық өндірісі 2026 жылы басталады. Автомобиль Қазақстанда да сатылуы мүмкін.