Неліктен ТМД мемлекеттері жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға назар аударуы тиіс?
Өзбекстанда жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясының үлесін талдау.

Our World in Data деректеріне сәйкес, 2023 жылы әлемде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) арқылы өндірілетін электр энергиясының орташа деңгейі 30,2%-ды құрайды. Азияда бұл көрсеткіш 24,7%-ға, ал ТМД елдерінде 17,7%-ға тең - деп хабарлайды ranking.kz.
Өзбекстан және ТМД елдері бойынша деректер
Өзбекстанда жаңартылатын энергия көздері арқылы алынатын электр энергиясының үлесі бар болғаны 9,38% құрайды. Бұл ТМД елдері арасында салыстырмалы түрде төмен көрсеткіш, мысалы:
- Тәжікстан — 89,37%;
- Қырғызстан — 85,92%;
- Армения — 26,57%;
- Украина — 19,74%;
- Ресей — 17,57%;
- Қазақстан — 12,76%;
- Молдова — 9,68%;
- Әзірбайжан — 6,86%;
- Беларусь — 2,71%;
- Түрікменстан — 0,03%.
Дүниежүзілік контекст
Дүниежүзінде Өзбекстан жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясының үлесі бойынша 195 елдің ішінде 154-орында тұр. Бұл рейтингте 100% көрсеткішпен Албания, Бутан, Орталық Африка Республикасы, Демократиялық Конго Республикасы, Лесото, Непал және Парагвай көш бастап тұр. Ал ең төменгі орында Түрікменстан орналасқан.
Жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттырудың қажеттілігіне ерекше назар аударуымыз қажет.