Плимуттағы «жук» автомобильдерінің сәнді нұсқасы

Авторлық шеберлікпен өңделген бірегей көлік

👁️ 5
Сурет: kolesa.kz

Миннесота штаты, Плимут қаласындағы Bradley Automotive компаниясы жарты ғасыр бұрын қарапайым «жукты» сәнді спорткупеге айналып, оны жаппай өндіріе бастады.

Volkswagen Beetle шассиіне негізделген Bradley GT кит-кары дайын күйде және құрастыруға болатын жинақ түрінде сатылды. Қуаты аз 1600 текше сантиметрлік төрт цилиндрлі оппозит қозғалтқыш пен 4 сатылы механикалық қораппен жабдықталғандықтан, бұл көлік жылдам жүруге арналмаған еді. Техникалық қызмет алу жағынан мәселе туындаған жоқ. Сол жылдары АҚШ-та Volkswagen кең тарағандықтан, оны кез келген маман жөндей алатын.

Автомобильдің техникалық сипаттамасы заманауи болмаса да, Corvette пен сол дәуірдегі еуропалық гран-туризмо көліктерін еске салатын шыныталшықтан жасалған шанағымен қызықтыратын. Әртүрлі шанақ әрлеуін, фара түрін таңдауға болатын және есік орнына баггидегідей ойық жасалған еді.

Бәссаудаға түскен Bradley GT II жайлы және әртүрлі жабдығы бар автомобиль. 1978–1981 жылдары 500 тиражбен шыққан машинаның электр жетекті модификациясы болған. GT II дайын күйде сатылды, өйткені оны жинау қиын болатын. Ол жоғары қарай ашылатын есігімен және жылжымалы фарымен ерекшеленеді. Бұл экземпляр 14 дюймдік дискілер мен америкалық көліктерге тән ақ жолағы бар шиналар алған.

Екі орынды салоны қою қызыл акценттері бар қара винилмен қапталған. Рөл, беріліс қорабының тұтқасы, ортаңғы консоль мен ұсақ-түйек салатын жәшіктегі ендірмелер ағаштан жасалған. Едені, есік карталары және орындық арты қызыл кілеммен жабылған.

Автомобиль жүріп тұр, сырты да, іші де таза әрі жинақы көрінеді. Дегенмен жөндейтін жерлері бар. Аспаптарын жаңартып, тозған шинасын ауыстыру қажет. Қазір бағасы 2000 долларға жетті.