Алматы әуежайы әскери парадқа байланысты рейс кестесінде өзгерістер туралы хабарлады

Алматы әуежайы рейс кестесінде болатын өзгерістер туралы айтты.

👁️ 14
Сурет: inalmaty.kz

Алматының халықаралық әуежайы әскери парадқа байланысты рейс кестесінде болатын өзгерістер жөнінде хабарлады. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

2025 жылдың 22 сәуірінен 7 мамырына дейін, күн сайын 10:00-13:00 аралығында Астана үстіндегі әуе кеңістігі уақытша жабылады.

Бұл шектеулер Қазақстанның Қорғаныс министрлігі тарапынан әскери парадты ұйымдастыру және өткізу жұмыстарымен байланысты. Сондықтан да, Астанаға және одан шығатын, соның ішінде Алматыдан ұшатын кейбір рейстерде өзгерістер енгізіледі.

Алматы халықаралық әуежайы жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды. Өзгерістерге ұшырайтын жолаушылар, брондау кезінде көрсетілген контактілік мәліметтер бойынша авиакомпаниялардың хабарламаларын алады.

Рейс мәртебесін алдын ала тексеру үшін авиакомпанияның анықтама қызметіне немесе әуежай сайтына жүгіну ұсынылады.