Алматының Түрксіб ауданында су уақытша тоқтатылады
Түрксіб ауданындағы тұрғындар мен мекемелерге су берілмейді.
👁️ 13

Сурет: inalmaty.kz
18 сәуірде сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Алматының Түрксіб ауданында бірқатар тұрғын және әкімшілік ғимараттарда су беру уақытша тоқтатылады - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Су Спартака көшесінен бастап Зорге көшесіне, темір жолдарына, Жансугуров көшесіне, Ержанова көшесіне дейінгі аймақтағы үйлер мен мекемелерде тоқтатылады.
Әлеуметтік нысандар тізімі
- №50, №83, №59, №76 мектептері
- №9 поликлиника, №1 БСПМ
- №65 балабақша, «Карусель» балалар кешені
- Түрксіб ауданы әкімдігі
- «Алматы-1» вокзалы, РОВД, ЦОН
Естеріңізге сала кетейік, су тоқтатылған уақытта әлеуметтік нысандарға су автокөлік цистерналары арқылы жеткізіледі.
«Уақытша ыңғайсыздықтар инженерлік желілерді қайта жаңарту және су жеткізу нысандарындағы жабдықты жаңғыртуға байланысты жоспарлы жұмыстармен байланысты»,- деп атап өтті компанияда.
Қала тұрғындарынан уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.