Алматыда демалыс күндері жаңбыр жауады
Алматыда ауа райы мен жаңбыр туралы ақпарат.

Алматы қаласында жақын күндері жаңбыр жауып, ауа райы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы inalmaty.kz тілшісі хабарлайды.
18 сәуірдегі ауа райы
18 сәуірде Алматыда ауа райы бұлтты болып, кезең-кезеңімен жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 3-8 метр секундқа дейін соғады, температура түнде +5+7 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады.
19 сәуірдегі жағдай
19 сәуірде де жаңбыр жауып, күндіз найзағай болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 метр секундқа дейін соғады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін, температура түнде +3+5, күндіз 10-12 градус жылы болады.
20 сәуірдегі ауа райы
20 сәуірде жаңбыр күтілмейді. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 метр секундқа дейін соғады, температура түнде +2+4, күндіз 14-16 градус жылы болады.