Алматы облысында "Ескерткіш – ел тарихы" экологиялық акциясы өтті
Алматы облысында маңызды экологиялық акция өтті.
👁️ 11

Сурет: inalmaty.kz
Алматы облысында "Ескерткіш – ел тарихы" экологиялық акциясы өтті. Бұл шара Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналып ұйымдастырылды, - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Аталған акция барысында 10 мыңнан астам қатысушы облыс көлеміндегі 152 тарихи-мәдени мұра объектісін тазартты.
“Акцияның Иле өзенінің жағасында өткізілуі символикалық мәнге ие. Бұл орын біздің тарихымыздың іздерін сақтайды, және оны қорғау - біздің ортақ борышымыз. “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында облыстың 373 елді мекенін біріктірдік”, – дейді Марат Султангазиев.
Сонымен қатар, акция барысында 55 мыңнан астам ағаш отырғызылды.