Алматы әуежайында антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді

Алматы халықаралық әуежайында антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді.

👁️ 8
Сурет: inalmaty.kz

21 сәуір күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Алматы халықаралық әуежайында жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Бұл шараның мақсаты адамдардың көп шоғырланатын жерлеріндегі террористік қауіптермен күресуге арналған әрекеттерді меңгеру болып табылады. Әуе және автокөлік қозғалысына шектеулер қойылмайды.

Әр тұрғыннан қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік органдардың өкілдерінің нұсқауларын орындауды және жалған ақпарат таратпауын сұраймыз. Заңды талаптарға бағынбау құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарына әкімшілік жауапкершілікпен (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабы) қарастырылған.

Оқу-жаттығулар Алматы қаласының антитеррористік тобы тарапынан ұйымдастырылады.