Ақтөбеде Родитель күніне орай автобус маршруттары іске қосылды

Ақтөбе тұрғындары үшін Родитель күніне орай арнайы автобус маршруттары ашылады.

👁️ 12
Сурет: aktobetimes.kz

Родитель күніне орай, Ақтөбеде уақытша автобустар маршруты енгізілді. 27, 28 және 29 сәуірде православ христиандарының Родитель күнін атап өтуіне байланысты Орталық базардан Кирпичный тұрғын ауданында орналасқан Орталық зиратқа дейін автобус қозғалысы ұйымдастырылатын болады, хабарлайды Актобе Таймс.

27 және 28 сәуірде Орталық базардан автобустар 10:00, 12:00 және 14:00-де жөнелтіледі. Ал, 29 сәуірде автобустар Орталық базардан Орталық зиратқа дейін сағат сайын қызмет көрсететін болады.