Көлік ұрлаушылардың әрекеті жол апатына апарып соқты

Ақтөбеде ұрланған көлік полициядан жасырынып, жол апатын тудырды.

👁️ 17
Сурет: aktobetimes.kz

Ақтөбеде ұрланған автокөлік полицияның қуғаны кезінде жол апатына ұшырады. Нәтижесінде, екі көлік ауыр соқтығысып, өртене бастады, - хабарлайды Актобе Таймс.

29 сәуірде Нокин проспектінде орналасқан тауар үйінің жанынан «Daewoo Nexia» автокөлігі ұрланды. Патрульдік полицейлер жедел түрде көлікке назар аударды. Алайда, жүргізуші полицияның тоқтау талабына құлақ аспай, қашып кетті. Көлікте жолаушы да болды.

Қуғын барысында күдіктілер қарсы бағытқа шықты да, «ВАЗ» маркалы көлікпен соқтығысты. Соқтығысудың күші соншалық, екі көлік те отқа оранды. «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ұрылар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Ұрлық фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Құқық қорғау органдары азаматтарға сақтық шараларын сақтау және көліктерінде кілттерді қалдырмауға кеңес береді.