Қазақстанда бруцеллезбен күресте тиімділік төмен екені айтылды

Қазақстанда бруцеллезбен күресу шаралары тиімді емес екені анықталды.

👁️ 25
Сурет: eldala.kz

Қазақстанда бруцеллезбен күресу шаралары тиімді емес. Соның нәтижесінде жыл сайын мыңдаған мал санитарлық союға жіберілуде - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

Бұл туралы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ветеринария және биотехнология ғылыми орталығының директоры, ветеринария ғылымдарының докторы Гайса Абсатиров мәлімдеді. Ол инфекциямен күрес бойынша ережелерді қайта қарап, алдымен қазақстандық зерттеушілердің ұсыныстарына сүйену қажеттігін атап өтті.

«Барлық бекітілген ережелер бруцеллезбен күресте төмен тиімділікті көрсетті, олар іс жүзінде ешқандай нәтиже бермейді. Облыстық ветеринариялық зертханаларда жаппай зерттеу кезінде диагностикалық құралдар жетіспейді. Вакцинация стратегиялары әзірленбеген, мониторинг жоқ. Ауру тарағанда жануар иелерінің жауапкершілігі өте төмен. Абортталған өнімдер ветеринариялық зертханаларға зерттеу үшін жіберілмейді», — деді Гайса Абсатиров аграрлық мәселелер жөніндегі Сенат комитетіндегі жиында.

Сарапшының пікірінше, бруцеллез таралу мәселесі сайғақ популяциясының өсуімен күрделене түсуде, әсіресе бұл мәселе Батыс Қазақстан облысында өткір көтерілуде. Бұл өңірде сайғақтардың паразиттік және инфекциялық ауруларының клиникалық белгілері тіркелуде. Ветеринарлар сайғақтар арасында бруцеллез ауруының белгілеріне баса назар аударып отыр, бірақ зертханалық бақылау жоқтың қасы.

Гайса Абсатировтың айтуынша, «Бокейорда» табиғи резерватында және Охотзоопромда жедел әрекет ету және өлі сайғақтардың патматериалдарын зерттеуге жіберу барысында ветеринариялық мамандар жоқ. Ал, жергілікті атқарушы органдардың ветеринар дәрігерлері жеткенше, малдардың қалдықтарын кезбелі иттер мен құстар тасып кетеді.

Сонымен қатар, сайғақтардың өліктерін жедел жою мәселесі шешілмеген.

Бруцеллездің таралу ауқымын және одан болатын экономикалық шығынды ескере отырып, мамандар инфекциямен күрес және алдын алу тәсілдерін қайта қарауды ұсынады.

«Бруцеллезбен күрес стратегиясын ұйымдастыру барысында біз әр 5 жыл сайын ұсынылған шетелдік сарапшылардың ұсынымдарына сүйенеміз. Біздің елімізде тиімді бруцеллезбен күрес стратегиясын әзірлеуге қабілетті ғылыми практикалық мамандар жеткілікті», — деп атап өтті Гайса Абсатиров.